Categories Әлем

Лондонда мыңдаған адам король III Чарльздің туған күніне арналған шеруге жиналды

Сурет: raf.mod.uk

Лондонда мыңдаған адам король III Чарльздің ресми туған күніне орай өткен дәстүрлі Trooping the Colour әскери шеруін тамашалау үшін жиналды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған адам сенбі күні Лондонда корольдің ресми туған күніне арналған «Туды алып шығу» салтанатын тамашалады. Монархтың қасында жұбайы, патшайым Камилла еріп жүрді. Олар атқа жегілген күймемен жүріп өтіп, жиналған халыққа сәлем берді.

Одан кейін корольдік отбасы Букингем сарайының балконына шығып, әскери авиацияның шеруін тамашалады. Төрт жойғыш ұшақ сарай үстінен ұшып өтіп, аспанда британ тәжінің құрметіне қызыл, көк және ақ түсті із қалдырды. Ал ханзада Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл салтанатқа қатысқан жоқ.

Мемлекеттік әнұран орындалып жатқан кезде Букингем сарайының алдында жиналған монархияға қарсы топ «Not my King» («Менің королім емес») деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Сондай-ақ олар корольдің інісі Эндрю Маунтбаттен-Виндзордың суреттерін көрсетті. Ол сексуалдық қылмыстар үшін сотталған Джеффри Эпстинмен арадағы араластығына байланысты корольдік титулдарынан айырылған еді.

Ұқсас жазбалар

Парагвайда ұлттық құраманың жеңісіне орай демалыс жарияланды

Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы тарихи жетістігіне байланысты 30 маусымды демалыс күні…

Иран АҚШ-пен келісімнің басты шартын атады

Иран АҚШ-пен кез келген келісім Вашингтон өз міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана жүзеге асатынын мәлімдеді.

Қазақстан бала құқығы жөнінен әлемдік рейтингте үздік 25 елдің қатарына енді

Қазақстан балалар құқықтарын бағалайтын KidsRights 2026 жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтады. Ел 0,797 балл жинап, балалар…