Categories Жайық news

Қолына билік берсе өзгере қалатын адамдарды түсінбеймін — Бердалы Ораз

Адамның шынайы болмысы билікке қолы жеткенде көрінеді. Кейбірі билікке келген сәттен бастап өзгеріп шығады кешегі қарапайым ашық мінезді адам бүгін шенеунік креслосына отырған соң шекесінен қарайтын болып шығады. Бұл қоғамдағы ең қауіпті құбылыс. Себебі билік адамның ақылын емес амбициясын сынайды.

Билік сынақ. Оны көтере білген адам аз. Көпшілігі билікке жеткенде өзіне сенуден бұрын өз орнын жоғалтпауға тырысады. Сөйтіп айналасын жағымпаздармен толтырып қарапайым халықтан алыстайды. Мансап пен атақ адамды биіктетпейді керісінше ішкі адамгершілік пен парасат деңгейін айқындайды.

Қолына аз ғана өкілеттік тисе өзін өзгелерден артық санайтындар бар. Олар билікті халыққа қызмет етудің құралы емес жеке беделін көтерудің жолы деп түсінеді. Мұндай түсінік надандықтың белгісі. Себебі нағыз басшының беделі орнымен емес ісімен өлшенеді.

Билік адамның кім екенін ашып береді. Біреу билікке келіп халықтың қамын жейді екіншісі халықтың арқасынан нан табады. Бірі әділдік орнатуға тырысады екіншісі өз ыңғайына сай ереже ойлап табады. Ал түбінде бәрін уақыт таразылайды.

Қолына билік берсе өзгере қалатын адам өзіне де қоғамға да қауіпті. Себебі ондай адам әділ емес өз билігін қорғауға бейім болады. Ал биліктің мәні үстемдік емес жауапкершілік.

Билік мәңгілік емес. Ертең кресло босайды атақ ұмытылады бірақ адамдардың есінде сенің кім болғаның ғана қалады. Сондықтан билік адамды өзгертуі емес шыңдауы тиіс. Ал кім билікке келген соң адамдығы мен қарапайымдылығын жоғалтса шын мәнінде ең үлкен жеңіліске ұшыраған сол.

Бердалы Ораз | pixabay

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…