Categories Жайық news

Үкіметтің жаңа талабы: Мал ұстамасаң, 10 мың гектар жеріңді қайтарып аламыз

Қазақстанда 10 мың гектардан астам жері бар ірі жер пайдаланушылар енді мал шаруашылығымен айналысуға міндеттеледі. Бұл талапты орындамағандар жерінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бастама ауылдағы маусымдық жұмыссыздық мәселесін шешуге және мал шаруашылығын дамытуға бағытталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде егін шаруашылығы қарқынды дамығанымен, мал шаруашылығының өсімі небәрі 2–3% деңгейінде қалып отыр.

«Асыл тұқымды мал алуға жеңілдетілген несие қарастырылады, малшылардың балаларына білім гранттары бөлінеді. Сондай-ақ отарлы мал шаруашылығын дамыту мен қолдан ұрықтандыру технологияларына басымдық беріледі», – деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, 2026 жылы Жамбыл облысында ірі жоба іске қосылмақ. Қытайлық Fufeng Group компаниясы жүгеріні терең өңдейтін зауыт салады. Бұл зауыт жыл сайын 3 миллион тонна жүгеріні қажет етеді, ал Қазақстан қазір оның үштен бірін ғана өндіріп отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…