Сурет: ашық дереккөз
Футболдан Чемпиондар лигасының финалында «Пари Сен-Жермен» клубы жеңіске жеткеннен кейін Францияның бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жанкүйерлердің қуанышы апатқа ұласты. Парижде, Лионда және Марсельде мыңдаған адам көшеге шығып, тәртіпсіздік ұйымдастырды. Олар өрт қойып, көліктер мен дүңгіршектерді өртеп жіберді.
«Қуаныштан есімізді жоғалттық. Бірақ бұл әрекеттеріміз үшін ұяламын», — деді куәгерлердің бірі.
Құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерді басу үшін арнайы күш қолданды. 6 көлік пен газет дүңгіршегі толығымен өртеніп кетті. Зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.
Билік оқиғаға қатысқандарды анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта жанкүйерлерге қатаң шаралар қолданылуы мүмкін.

