Categories Қаржы

«Зейнетақыңызды көбейтеміз»: алаяқтар жаңа тәсіл ойлап тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларына қаскөйлер телефон соғып, зейнетақыны көбейтуге уәде беріп, ақша алып қоятын болды. Қор мамандары бұл – жаңа алаяқтық тәсіл екенін ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, зейнетақы шотыңызды көбейтуге болады деп сендіреді. Ол үшін жеке деректер мен банк картасының нөмірін сұрайды. Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай қоңыраулардың саны күрт өскен.

«Ешқашан телефон арқылы жеке мәліметтеріңізді бермеңіз. БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан карта нөмірін немесе парольді сұрамайды», – дейді қор мамандары.

Қаржылық сарапшылар алаяқтардың бұл әрекетіне алданып қалмау үшін кез келген күдікті қоңырауды дереу полицияға хабарлауды ұсынады. Егер сізге осындай қоңырау түссе, бірден байланысты үзіп, ресми көздерден ақпарат тексеріңіз.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді. Ол базалық мөлшерлеменің…

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, мамыр айында 147,7 мың автокөлік есепке алынған. Жалпы елімізде 6 миллионға…

Астанада 16 мыңнан астам түлек аттестат алды

Астанада 16 мыңнан астам түлек аттестат алды. 1 202 оқушы үздік аттестат, 650 түлек «Алтын…