Categories Әлем

Иранда 200 мың литр контрабандалық жанармай тасыған бес кеме ұсталды

Иранның шекара қызметі Парсы шығанағында контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кемені ұстады. Оларда 200 мың литрге жуық жанармай болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ирандық күш құрылымдарының мәліметінше, кемелер жанармайды заңсыз әкетуге әрекеттенген. Ұсталған кемелер мен жүк тәркіленіп, 11 адам ұсталды.

«Контрабандашылар жанармайды көрші елдерге сатуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Иран шекара қызметінің өкілі.

Бұл Ирандағы жанармай контрабандасына қарсы кезекті ірі операция. Елде жанармай бағасының төмендігіне байланысты контрабанда жиі кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Парагвай сенаторы Мбаппеден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті

Парагвай сенаторы Селеста Амарилья Килиан Мбаппенің үстінен сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеп, футболшыдан көпшілік алдында…

Песков: Ресей Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайды деп мәлімдеді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков швейцариялық БАҚ-қа берген сұхбатында Ресей ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты…

Өзбекстанда бес сәби дүниеге келді

6 шілдеде Әндіжан қаласындағы №2 перзентханада кесір тілігі арқылы бес сәби өмірге келді.