Categories Жайық news

Сату және жарнама саласындағы бос орындар әлі де көш бастап тұр

Қазақстанда 2025 жылға қарай бос жұмыс орындарының саны сәл азайғанымен, сату мен жарнама бағытында сұраныс әлі де жоғары күйінде қалмақ. Әсіресе Алматы мен Астанада бұл салаларға қызығушылық басым, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

hh.kz порталы таратқан мәліметке сүйенсек, елімізде 538 мыңнан астам вакансия тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға төмен. Алайда, бизнес пен қызмет көрсету саласында тұрақты сұраныс сақталып отыр.

Ауқымды қалалардағы көрсеткіш:

  • Алматы — 200 мыңнан астам бос орын (−6,8%)
  • Астана — 120 мың жұмыс орны (+0,6%)
  • Шымкентте —0,8%, Қарағандыда −4%, Павлодарда −4,6%, Қостанайда −0,6%
  • Өскемен −7,8%, Ақтөбе −6,4%, Атырау −8,9%, Ақтау −11,6%

Салалар бойынша сұраныс үлесі:

  • Сату және клиенттерге қызмет көрсету — 12,6% (−3,5%)
  • Спорт клубтары мен сұлулық салондары — 6,9% (−2,4%)
  • Автокөлік саудасы — 5,7% (−3,7%)
  • Әкімшілік қызметшілер — 3,7% (−3%)

Бірқатар салаларда керісінше өсім байқалды. Соның ішінде:

  • Өндіріс пен сервистік қызмет — 5% (+4,6%)
  • Құрылыс пен жылжымайтын мүлік — 5,4% (+4,1%)
  • Жұмысшы мамандықтар — 7,1% (+2,6%)
  • Көлік пен логистика — 5,2% (+2,6%)
  • Туризм мен HoReCa — 4,7% (+4,6%)
  • Қаржы және бухгалтерлік қызмет — 4,9% (+2%)

«Сату мен клиенттік сервистерге деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда төмендегенімен, барлық бос орындардың ішінде үлесі әлі де ең жоғары болып тұр», – дейді еңбек нарығы сарапшылары.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…