Categories Жайық news

Жаңа Конституция: Тоқаев жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Конституциялық комиссия Ата Заңның қорытынды жобасын ұсынды, Мемлекет басшысы құжатты қабылдау үшін жақын арада республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімованы, оның орынбасары Ерлан Қаринді және комиссия мүшесі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Кездесуде комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысының нәтижелері таныстырылды.

Эльвира Әзімованың айтуынша, он екі отырыстың қорытындысы бойынша дайындалған Ата Заңның жаңа жобасы былтыр қазаннан бастап азаматтар мен сарапшылардың eGov және e-Otinish порталдары арқылы жолдаған ұсыныстары негізінде әзірленген. Комиссия талқылау нәтижесінде жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды.

Мемлекет басшысы бұл ауқымды жұмысты жоғары бағалады. Оның пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекеттің институционалдық негізін толық трансформациялап, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшуді білдіреді.

«Жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азаматтың белсене атсалысуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсетеді», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент комиссия мүшелеріне кәсіби жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын растады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…