«Блогерлер онлайн-курстарды желеу етіп, лотерея өткізіп жатыр» – депутат

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырып жүрген блогерлерге қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, кейбір танымал желі белсенділері заңдағы олқылықтарды пайдаланып, түрлі онлайн-курстар мен марафондардың атын жамылып, лотерея түрінде ақша жинап жүр.

— «Онлайн-бизнес, курс, марафон деп жариялайды, бірақ шын мәнінде бұл — заңсыз лотерея. Мұндай әрекет азаматтарды алдау ғана емес, қоғамда құмар ойынға тәуелділікті арттыруға ықпал етеді. Сондықтан заңды күшейту қажет», – деді депутат.

Сонымен қатар Елнұр Бейсенбаев заңсыз әрекетке барған бірнеше блогердің атын атап, құзырлы органдарды шара қабылдауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Электросамокаттарға тіркеу нөмірі беріледі

Енді әрбір жалға берілетін электросамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды бейнебақылау камералары…

Президенттің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілді

Мемлекет басшысының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойылды.

Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстар: тағы 18 заңға өзгеріс енгізіледі

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияда…