Алматыда тәуелсіз журналист қамауға алынды

 

Алматыда тәуелсіз журналист Мейірболат Мырзатайұлы ұсталып, оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша айып тағылды.

3 қыркүйекте қалалық Полиция департаменті алдында бір топ белсенді жиналып, журналисті босатуды талап етті. Наразыларға тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Қасымбаев шығып, істің қозғалғанын растады. Оның айтуынша, Мырзатайұлына адвокат шақырып, қоңырау шалуға мүмкіндік берілген, ал қамау мерзімі – 48 сағат.

Алайда журналистің туыстары мұнымен келіспейді. Олар ұстау кезінде ешқандай қоңырауға рұқсат берілмегенін айтады. Әпкесі Айгүл Бишуинованың сөзінше, бауыры Талғардан қайтып келе жатқанда ұсталған, көлігі жол бойында ашық күйінде қалған. Жақындары оны таба алмай, таңға дейін іздегенін жеткізді. «Құзырлы органдардан нақты жауап болмаған соң, адам жоғалғаны туралы арыз жазуға мәжбүр болдым», – дейді ол.

Ұқсас жазбалар

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…