Categories Спорт

Ла Лигада төрешілерді жасанды интеллект бағалайды: Тебас жаңа жүйені таныстырды

Сурет: unite.ai

Испания футболында төрешілердің жұмысын енді жасанды интеллект бақылайды. Ла Лига президенті Хавьер Тебас бұл жүйе келесі маусымнан бастап қолданысқа енетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тебастың айтуынша, жаңа технология төрешілердің әрбір шешімін талдап, олардың деңгейін объективті түрде бағалайды. Бұл футболдағы әділдікті арттырып, даулы тұстарды азайтуға көмектеседі.

«Біз жасанды интеллект төрешілердің жұмысын жетілдіруге және олардың қателіктерін азайтуға септігін тигізеді деп сенеміз. Бұл – ла лига үшін үлкен қадам», – деді Хавьер Тебас.

Жаңа жүйе алдымен сынақ режимінде іске қосылады. Егер нәтижесі көңіл көншітсе, оны басқа чемпионаттар да қолдануы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Испания Уругвайды 1:0 есебімен жеңіп, Н тобында бірінші орын алды

Испания құрамасы Уругвайды 1:0 есебімен жеңіп, Н тобында бірінші орын алды. Жалғыз голды Алекс Баэна…

Франция Норвегияны 4:1 есебімен жеңіп, топта бірінші орын алды

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы үшінші турда Норвегия мен Франция құрамасы кездесті. АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы…

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Сенегал құрамасы Ирак командасын 5:0 есебімен жеңді.