Тоқаев: Ата заңға инвестициялық қуатты арттыру нормалары енгізілді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға Қазақстанның инвестициялық әлеуетін күшейтуге бағытталған арнайы нормалар қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, экономикалық дамуды жеделдету үшін қаржы саласы мен қарқынды дамитын қалаларға арнаулы құқықтық режим қарастырылған. Ол босаңсуға болмайтынын, табанды еңбек етіп, биік белестерге ұмтылу керектігін атап өтті.

Бірақ босаңсуға болмайды. Табанды жұмыс істеп, бұдан да биік белестерге ұмтылуымыз керек. Бұған еліміздің әлеуеті толық жетеді. Атап айтқанда, жаңа Конституцияға мемлекетіміздің инвестициялық қуатын күшейтуге арналған нақты нормалар қосылды. Соның ішінде қаржы саласына және «қарқынды дамитын қалаларға» арнаулы құқықтық режим енгізу туралы шешім қабылданды. Баршаңызға мәлім, мен жақында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қойдым, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы құжат «ақылды қалаға» тән дербес экожүйені қалыптастырудың құқықтық негізін бекітетінін атап өтті. Арнайы құқықтық режим мемлекеттік басқару мүмкіндіктерін кеңейтіп, сот жүйесінің ерекше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Президенттің айтуынша, басты мақсат — Алатау қаласын болашақтың цифрлық агломерациясына, жаңа технологияларды тарту орталығына айналдыру.

Ұқсас жазбалар

Бас прокуратура: Қазақстанда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді

Бас прокуратурада 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары талқыланды. Қылмыс деңгейі 10%-ға, алаяқтық 13%-ға төмендеді.

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды

Президент ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, әскери қызмет, машина жасау, көлік, атқарушылық іс…

Астанада дене салмағының жартысындай ісік алынған нәрестеге күрделі ота жасалды

Астанада хирургтер жаңа туған нәрестеден 2 келіден асатын ісікті алып тастады. Отаға қатысқан дәрігерлердің айтуынша,…