Categories Жайық news

Мектеп пәндерін біріктіру тоқтатылды: Министрлік даулы реформадан бас тартты

Қазақстанда мектептегі негізгі пәндерді біріктіру бастамасы тоқтатылды. Бұл шешімді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін физика, химия және биологияны – «Жаратылыстану» деген бір пәнге, ал алгебра мен геометрияны «Математика» пәніне біріктіру мәселесі қаралған болатын. Сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін біріктіріп, «Әлеуметтік ғылым» пәнін енгізу де жоспарланған еді.

«2025 жылы алқа отырысында физика, химия, биологияны – «жаратылыстануға», алгебра мен геометрияны – «математикаға», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымға» біріктіру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдарды жеке оқыту керек деп санаймыз», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр бұл шешім мұғалімдер қауымдастығымен талқылаудан кейін қабылданғанын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Чингис Аринов ашты жаңа құтқару станциясын Балқаш жағалауында

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Балқаш көлінің жағалауында жаңа 112…

Сыртқы келбеттен әлдеқайда ауқымды мәселе: дене салмағы индексінің өсуі нені көрсетеді?

Артық салмақ көбіне ең алдымен эстетикалық мәселе ретінде қабылданады — ұнамайтын дене бітімі, киім таңдаудағы…

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.