Categories Жайық news

Бурабайда ит атам деп, әріптесін атып тастады

Ақмола облысының Бурабай ауданында кәсіпорын қызметкері қаңғыбас иттерді атпақ болып, байқаусызда әріптесін жаралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға кәсіпорын аумағындағы қаңғыбас жануарларға «аңшылық» жасау кезінде болған. Ер адам итті көздеп атқан оғы мүлт кетіп, жанында тұрған әріптесінің аяғына тиген.

Зардап шеккен азамат шұғыл түрде Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өміріне төнген қауіп жоқ.

Бұл дерекке қатысты полиция бірден екі бап бойынша, яғни «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру» және «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқ атылған қару тәркіленіп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…

Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары…

БҚО мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды   

Батыс Қазақстан облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қалияр Айтмұхамбетов Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас…