Categories Жайық news

Талдықорғанда газ толы бес вагон рельстен шығып кетті: Теміржол қозғалысы тоқтатылды

Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген бес вагон рельстен шығып кетіп, төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға 31 қаңтар күні кешке болған. Газ тиелген бес вагон кенет өздігінен қозғалып, теміржол тұйығына барып соғылған.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бұл оқиғаның өздеріне қарасты аумақтан тыс жерде болғанын мәлімдеді.

Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ және газ сыртқа тарамаған.

Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты Талдықорған – Қарабұлақ телімінде пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Апатты қалпына келтіру жұмыстарын бүгін кешкі сағат 18:00-ге дейін аяқтау жоспарланған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Атырау облысында суға кеткен балықшының мәйіті табылды

Атырау облысында Жайық өзенінде балық аулау кезінде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды.

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.