Categories Жайық news

БҚО: «Қаладан ауылға» жобасы – ауылды өркендетудің қадамы

«Қаладан ауылға» жобасының басты мақсаты – ауылдағы жұмыс күші тапшылығын жою және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Ерекше атап өтетін жайт, бағдарлама мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктерін қамтиды, бұл – тұрғындар үшін өте ыңғайлы.

2024-2026 жылдарға арналған жобаға қатысу үшін 96 ауыл анықталып, 2024 жылы 104 отбасы немесе 519 адам қоныстандырылды.

Бүгінде ағымдағы жылдың басынан бастап 1 шілдесіне дейін 12 отбасы (48 адам) көшіп келді. Олардың барлығы жеке баспанамен қамтамасыз етілген.

Балаларға балабақшалар мен мектептерден орын бөлініп, ересектерге жұмысқа орналасуға қолдау көрсетілді.

-Жаңа қоныстанушыларға жерлестері мал сатып алуға көмектесті. Ал бұл жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік бар деген сөз. Сонымен қатар, бұл отбасылар «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатыса алады,-деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…