Categories Ақорда

Президент: «Атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие»

«Қазақстан «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісті.

Технологиялық әрі ғылыми тұрғыдан күрделі бұл жобаны табысты жүзеге асыру жоғары санатты кәсіби мамандарға тікелей байланысты.

АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы және үш мыңнан астам орта буын маманы жұмылдырылады.

Сонымен қатар бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие.

Біз бұл мәселені шешуде ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалының ашылуы – соның айқын дәлелі».

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Бектенов: Отандық өндірушілерді қолдау – басты басымдық

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізіп, отандық өндірушілерді қолдау басты басымдық екенін айтты.

Балаева: Бала – мемлекеттің басты капиталы

Аида Балаева балаларды мемлекеттің басты капиталы деп атап, олардың қауіпсіздігі мен дамуына ерекше көңіл бөлу…

Бектенов Air Products басшысымен газ химиясындағы ынтымақтастықты пысықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Air Products компаниясының өкілімен кездесіп, газ химиясы саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.