Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды

Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Атырауда 36 жастағы журналист қомақты қаражат талап етті деген күдікпен ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, ол жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге алып бермесе, компания қызметіне қатысты бейнематериалды жариялаймын деп қорқытқан.

Құқық қорғаушылар күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінде қолға түсірген. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер бұл іске басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ұқсас жазбалар

Бурятиядағы қар көшкіні: қаза тапқандардың бірі – Қазақстан азаматы

Бурятиядағы қар көшкінінен қаза тапқан тоғыз адамның бірі – Қазақстан азаматы. Оқиға 28 сәуірде «Ирокинда»…

Аптап ыстық: Қазақстанның 8 өңірінде өрт қаупі төтенше деңгейге жетті

Қазақстанның 8 облысында өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейге жетті. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

Қазақстанда өндірістегі жарақат саны 5 жылда азайды: 200-ге жуық адам қаза табады

Қазақстанда соңғы бес жылда өндірісте жарақат алғандар саны азайған. Бірақ жыл сайын мыңнан астам жазатайым…