Categories Жайық news

Ақтөбелік зергер клиенттерін 12 миллион теңгеге алдап кеткен

Ақтөбеде жөндеуге алған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп келген зергер ұсталды. Ол кемінде 20 адамды алдап, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, қалалық полицияға Орталық базар маңындағы шеберханада жұмыс істеген зергердің үстінен бірнеше тұрғын шағымданған.

Тергеу анықтағандай, ол клиенттерден алтын әшекейлерді «жөндеп беремін» немесе «жаңасын соғып беремін» деген сылтаумен алған. Алайда аманатқа тапсырылған бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қажетіне жаратып отырған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның 20-дан астам алаяқтық дерегіне қатысы барын дәлелдеді. Шығынның жалпы көлемі 12 миллион теңгеден асады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Елордадағы зәулім үй өртенді: 15-қабаттан үш баланың денесі табылды

Астананың Есіл ауданындағы көпқабатты үйде өрт болып, үш бала қаза тапты. Тағы бір әйел күйікпен…

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…