Categories Көңіл ашар

Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесінің мұрасын өңірлерде таныстыруды ұсынды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесіне тиесілі тарихи жәдігерлерді Қазақстанның әр өңірінде таныстыру туралы ұсыныс білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Неслихан Өзтүрік әкесінің мұрасын тек ірі қалаларда ғана емес, басқа да өңірлерде көрсету маңызды деп санайды.

«Аллаға шүкір, еліміз үлкен, жолымыз да алыс. Сол себепті әр адамның Астанаға немесе Алматыға барып, әкем Мұстафа Өзтүріктің тарихи заттарын көруге мүмкіндігі бола бермейді деп ойлаймын. Қазақстанның басқа аймақтарындағы халық пен келешек ұрпақ та бұл мұраны өз көздерімен көріп, одан рух, күш пен шабыт алғысы келеді деп ойлаймын. Қазақстан бойынша көшпелі көрме жасау жақсы шешім болар еді. Мен үшін халықтың пікірі өте маңызды. Сіздер қалай ойлайсыздар? Қай қалаларда көргіңіз келеді?», деп жазды Неслихан Өзтүрік.

Бұған дейін Таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Мұстафа Өзтүрік туралы көркем фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеген еді.

Ұқсас жазбалар

Balkhash Tour Fest-2026: Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады

Балқашта Balkhash Tour Fest-2026 фестивалі басталды. Мыңдаған қонақ екі күнге созылатын шараға қатысуда. Алғаш рет…

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті

Астанада Disney&Pixar студияларының «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті. Шараны халықаралық…

Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ноутбук сыйлады

Димаш Құдайберген Астанадағы №83 мектеп-лицейінің «Алтын белгі» иегері Максим Цойға ноутбук сыйлады.