«ЖАЙЫҚ» — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ !!!

2025 жылғы 17–23 шілде аралығында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өткен Орталық Азия чемпиондар лигасында Қазақстанның намысын Орал қаласының «Жайық» волейбол клубы абыроймен қорғап, чемпион атанды.

Бұл құрлықтық деңгейдегі беделді додаға биыл 5 мемлекеттен 6 үздік команда қатысып, жоғары дәрежеде бәсеке өрбіді. Қазақстан атынан сынға түскен «Жайық» клубы еліміздің тәжірибелі бапкері Виктор Козиктің жетекшілігімен жарқын өнер көрсетіп, ел волейболының беделін тағы бір мәрте асқақтатты.

Ойын нәтижелері бойынша:

  1. 🇰🇿 JAIYQ 3:1 Ports Authority (Шри-Ланка)
  2. 🇰🇿 JAIYQ 3:0 CLUB HDC (Мальдивтер)
  3. 🇰🇿 JAIYQ 3:0 DHIVEHI SIFAINGE CLUB (Мальдивтер)
  4. 🇰🇿 JAIYQ 2:3 Help Nepal Sports Club (Непал)
  5. 🇰🇿 JAIYQ 3:0 KIRGYZSTAN
  6. 🇰🇿 JAIYQ 3:1 KIRGYZSTAN

«Жайық» клубының бірнеше ойыншысы турнир қорытындысы бойынша жеке номинациялар бойынша үздік деп танылды:

  • Виталий Эрдштейн – турнирдің үздік ойыншысы, сондай-ақ үздік диагональші атанды.
  • Володимир Ковальчукүздік байланыстырушы.
  • Владимир Прокофьевүздік шабуылшы.

Негізгі команда құрамында өнер көрсеткен ойыншылар:

  • Евгений Гоф
  • Владимир Прокопьев
  • Әмірбек Бексарнинов
  • Виталий Эрдштейн
  • Сергей Окунев
  • Айдын Әділбеков
  • Володимир Ковальчук
  • Виталий Вореводин

Қосымша шақырылған тәжірибелі ойыншылар:

  • Сергей Кузнецов (Буревестник)
  • Клим Рюхов (Буревестник)
  • Қадырхан Нодирханов (Ақтөбе)
  • Петр Чурзин (Атырау)

Орталық Азия чемпиондар лигасы – өңірдегі ең үздік клубтарды бір аренада тоғыстырып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін маңызды спорттық іс-шара. Қазақстанның атынан бұл додаға қатысып отырған «Жайық» волейбол клубының биылғы жылғы чемпион атануы – біз үшін зор мақтаныш қана емес, еліміздің волейбол тарихындағы айтулы жетістік.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас жазбалар

Конституцияға өзгеріс: Елде арнайы мәртебелі қалалар пайда болуы мүмкін

Конституциялық комиссия елімізде Алатау сияқты қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар қалалар құруды ұсынды. Бұл…

«Көрші елден 7 трлн теңге шығарылған»: Тоқаев ірі банктің былығын әшкереледі

Президент Тоқаев қазақстандық банктердің бірі арқылы көрші елден 7 трлн теңгеден астам қаржы шығарылғанын мәлімдеді.…

Данияр Әшімбаев: «Жақсы атақ» пен сыннан қорғау лауазыммен бірге берілмейді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың абыройын қорғау туралы норма шенеуніктер мен ірі бизнеске арналғанын мәлімдеді.