Categories Жайық news

БҚО-да 720 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдан бері пайдаланылмаған немесе заңсыз иеленген 720 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, соның ішінде 462 мың гектар қайта айналымға енгізіліп, ауыл шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға бөлініп берілген. Ал 258 мың гектар әзірге босалқы қорда қалып отыр. Жақын уақытта бұл жерлер де мақсатты айналымға шығарылмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Жер – стратегиялық ресурс. Оның игілігі халықтың тұрмысын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуі керек», – деп атап өткен еді.

Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жерді тиімді пайдалану басты шарт. Алайда тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар бірнеше учаскеге ие бола тұра, оларды мақсатсыз пайдаланып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына кедергі келтіруде.

Ұқсас жазбалар

Глава государства провел рабочее совещание по Парламентской реформе

Президент Касым-Жомарт Токаев провел рабочее совещание с участием Государственного советника Ерлана Карина и Помощника Президента…

2026 жылдан бастап БЖЗҚ зейнетақысы 5 пайызға өседі

2026 жылдан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы 5 пайызға көбейеді. Жаңалық бұрыннан зейнетақы алатын азаматтарға қатысты.

Flat lay of real estate brochures, checklists, and a calculator for home buying.

Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-ға дейін өсті: Банктер қысымда қалды

Қазақстанда ипотеканың ең жоғарғы мөлшерлемесі 25% болып бекітілді. Себебі – базалық мөлшерлеменің 18% деңгейінде қалуы.