Categories Жайық news

БҚО әкімі Төреғалиев: «Көрісу – елдің елдігі мен бірлігін танытатын мейрам»

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарын Наурыздың бастауы саналатын Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы бұл мейрамның ел бірлігін нығайтып, ағайын арасындағы бауырмалдықты арттыратын тағылымды дәстүр екенін атап өтті. Оның айтуынша, Көрісу күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып, ақ пейілін білдіретін ерекше күн.

Нариман Төреғалиев өз құттықтауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурызды тойлаудың жаңа форматы – «Наурызнама» онкүндігі енгізілгенін, соның арқасында Көрісу күні жалпыұлттық сипатқа ие болып келе жатқанын жеткізді.

“Бұл – ағайынның бір-бірімен арқа-жарқа қауышатын, аман-саулық сұрасатын, елдің елдігі мен бірлігін танытатын тағылымды мейрам. Осы күні адамдар өзара кешірісіп, ниеттің ақтығын, пейілдің кеңдігін көрсетеді. Бабадан жеткен бағзы дәстүр – үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің, бауырмалдық пен мейірімділіктің нышаны. Осы бірегей дәстүріміз ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді нығайта берсін! Әр шаңырақ шаттық пен мол игілікке кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болып, Амалдан Амалға жете берейік!” – деді облыс әкімі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…