Categories Жайық news

Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар: Қазақстан спортшыларға қанша сыйақы төлейтіні белгілі болды

Қазақстанда Олимпиада ойындарының чемпионы атанған спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленеді. Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, бүгінгі бағаммен бұл шамамен 123,7 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл сома тек алтын медаль иегерлеріне ғана емес, сонымен қатар жүлделі орын алған басқа да спортшыларға тағайындалған. Мәселен, Олимпиаданың күміс жүлдегеріне мемлекеттен 150 мың доллар, ал қола медаль алған спортшыға 75 мың доллар сыйақы беріледі.

Сонымен қатар, спортшының жеке бапкері мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушылары да назардан тыс қалмайды. Оларға да тиісті мөлшерде ақшалай сыйақы қарастырылған.

Бұл сыйақыға үміткерлердің бірі ретінде 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты атауға болады. Ол соңғы жылдары халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген Қазақстанның ең мықты спортшыларының бірі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…