БҚО-да коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту Жол картасына сәйкес ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Бұл туралы БҚО әкімі “Казахстанская  правда” газетіне берген сұхбатында баяндап өтті.

Өңір басшысы 2023 жылы коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту мақсатында 2035 жылға дейін орта мерзімді кезеңде не істеуіміз керектігі нақтыланған инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған Жол картасын бекітті.

2023-2024 жылдары облыстық энергия тарату компаниясының қаражаты есебінен 6 мың шақырымға жуық электр желілеріне, 50 қосалқы станцияға және 600 трансформаторға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыс орталығының өсуіне байланысты салынып жатқан ықшам аудандарда екі жаңа 110/10 қосалқы стансасы, сондай-ақ апатты жедел жою үшін 2 жөндеу-өндірістік база іске қосылды.

Кәріздік сорғы станцияларын қайта құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, мысалы, ағынды сулардың негізгі бөлігін ағызатын түйіндік сорғы станцияларына баса назар аударылады, олардың саны 7-еу.

Жаңа «Ақжайық» шағын ауданында кәріздік сорғы стансасының құрылысы аяқталуда. Төрт сорғы станциясы қайта жөндеуден өтті, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда.

Орал жер асты суы кен орнын қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ол үшін ұзындығы 14 шақырым болатын диаметрі 1000 мм құбырды ауыстырып, облыс орталығына келетін су көлемін арттыру үшін жаңа су қоймаларын салу көзделген.

Орал жылу электр орталығының (ЖЭО) жылу магистралдары мен негізгі тораптары жөнделді. Айта кетерлігі, бұл нысандарда соңғы рет күрделі жөндеу 1960–1970 жылдары, яғни іске қосылған уақыттан бері мүлде жүргізілмеген. Сондай-ақ, коммуналдық мекемелер 58 арнайы техникамен толықты.

«Энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан өзге елдерге тәуелділікті төмендету – біз үшін маңызды мәселе. Қазіргі таңда Жәнібек және Бөкей ордасы аудандары электр қуатын Ресей Федерациясынан алады. Осыны өзгерту үшін қуаты 5 МВт болатын газпоршынды қондырғыны орнату жоспарлануда. 2025 жылдың ақпан айында итальяндық компаниямен осы маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды», — Н.Төреғалиев.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Тоқаев күштік құрылымдардың жұмысын сынап, оны «нағыз жымқыру» деп атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарын цифрландырудағы бытыраңқылықты сынап, оны "нағыз жымқыруға" теңеді.

Президент Тоқаев Трамптың бастамасын қолдап, 18 елмен бірге Бейбітшілік кеңесіне қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Рәсімге 18…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір…