Categories Жайық news

Ақтау әкімі Түркияның Бас консулымен кездесті

Ақтау әкімі Түркияның Бас консулымен кездесті,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бүгін Түркия Республикасының Ақтаудағы Бас консулы Сабри Альптекинмен ресми кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи достық пен стратегиялық әріптестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Әсіресе Ақтауда «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан мәдени іс-шаралардың маңызына тоқталып, екі ел арасындағы байланыстарды кеңейту мәселелеріне назар аударды.

«Құрметті Сабри мырза, өзіңізбен жүздескеніме қуаныштымын. Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қатынас сенімді серіктестікке ұласты. Алдағы қала күні мерекесіне арналған мәдени-спорттық іс-шаралардың құрметті қонағы ретінде шақырамыз», — деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Өз кезегінде Сабри Альптекин жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Ақтау қаласымен түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында қос тарап ортақ жобалар мен бастамаларды ілгерілетуге уағдаласты. Шаһар басшысы Әбілқайыр Байпақов әкімдік тарапынан екіжақты әріптестікті дамытуға бағытталған кез келген бастамаларға толық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Minimalist office workspace with a notebook and MacBook Air showing 14:41 time.

2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады: мерекелер мен ұзартылған уикендтер

2026 жылы Қазақстанда бірнеше мереке жұмыс күндеріне ауысады, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс сыйлайды.

Тоқаев қазақ басылымына сұхбат береді

Ақорданың жазуынша 5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы,…

A driver receives a traffic ticket from a police officer for a speeding violation.

Қазақстанда қоғамдық орында боқтық сөз айтып, қоқыс тастағандар үшін айыппұл өсті

2026 жылдан бастап АЕК өсуіне байланысты қоғамдық тәртіпті бұзғандар үшін айыппұл көлемі ұлғайды.