Categories Әлем

Трамп Иранмен уақытша бітім келісімінің шарттарын атады

Сурет: 24 kz

Дональд Трамп Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмайтынын және Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасы тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ президенті G7 саммитінде сөйлеген сөзінде Иранмен жасалған уақытша бітім келісімінің негізгі шарттарын жария етті. BBC дерегінше, Трамп Ливандағы қақтығыс қол жеткізілген келісімдердің орындалуына кедергі келтірмейтініне сенімді.

Бұған дейін ол Израиль премьер-министрін сынға алып, өңірдегі әскери әрекеттер Иран төңірегіндегі жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігерін қиындатып отырғанын айтқан еді. Ақ үй басшысы келісімнің толық мәтінін жуырда жариялауды жоспарлап отыр. Құжатқа ресми түрде қол қою рәсімі осы жұма күні Женевада өтеді.

Еске сала кетейік, Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалғанын хабарлады. Сондай-ақ Ливанда атысты тоқтату жөнінде де келісімге қол жеткізілгені айтылды.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…