Categories Жайық news

Астанада 7 жастағы шөбересін зорлаған 82 жастағы қария 20 жылға сотталды

Астанада жеті жасар шөбересіне сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен 82 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды. Сұмдық оқиға баланың туған күнін тойлау кезінде, яғни туыстары бас қосқан отбасылық үйде болған.

Қарияны қылмыс үстінен өз туыстары ұстап алған. Болған жайтты куәгерлердің айғақтары мен сот-медициналық сараптамалардың нәтижелері толық растады.

Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Дина Смайылованың айтуынша, қыздың анасы қорға оқиғадан кейін бірден, 2025 жылдың 5-інен 6-сәуіріне қараған түні баланы сараптамаға апарған кезде хабарласқан.

Сондай-ақ құқық қорғаушы отбасы ішінде айыпталушының егде жасын сылтауратып, істі сотқа жеткізбеуге шақырғандар болғанын атап өтті.

«Бұл ата өте пысық болып шықты. Ол қылмыс жасағанын анық түсінген, себебі қылмыс үстінен ұсталғанда қашып кетіп, полиция ұстағанша бір тәулік бойы ізін жасырумен болған», – дейді Смайылова.

Фото: Envato Elements.

Ұқсас жазбалар

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз жеткізу тұрақты және қажеттіліктен жоғары екенін мәлімдеді.

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…