Батыс Қазақстанда 32 градус ыстық: аптап келе жатыр

13 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі. Қазгидромет синоптиктері аймақта ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталатынын ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық пен шаңды дауыл күтіледі. Ал батыс өңірлерде, оның ішінде Оралда да күн қатты ысиды. Термометр бағандары күндіз 30-32 градусқа жетеді.

«Ауа температурасы күндіз 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Жел батыстан соғып, күші 15-20 м/с жетеді. Шаңды дауыл болуы мүмкін», — деді Қазгидромет маманы.

Тұрғындарға ыстық уақытта көп су ішуге, күн астында ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін сақтау — дала өртінің алдын алу үшін маңызды.

Ұқсас жазбалар

Балқаштағы фестивальде полицейлер көл ортасында қалған адамды құтқарды

Балқаштағы фестиваль кезінде полицейлер көл ортасында қалған адамды құтқарып, 16 адасқан баланы тауып берді.

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 5…

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.