Categories Қоғам

«49 грамм үшін»: Индонезияда екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталып, олардан 49 граммға жуық метамфетамин тәркіленген. Күдіктілер есірткі таратты деп айыпталған.

Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

«Қазір аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында», — делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Ескерер жайт, ресми Индонезия заңнамасында көзделгендей – есірткіні сақтау және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

В Баку пройдет Тринадцатая сессия Всемирного форума городов (WUF13)

С 17 по 22 мая 2026 года в Баку пройдет Тринадцатая сессия Всемирного форума городов…

Медициналық білімдегі төңкеріс: 2026 жылдан бастап дәрігерлерді даярлау қалай өзгереді?

2026 жылдан бастап Қазақстанда медициналық білім беру жүйесі түбегейлі өзгереді: дәрігерлер 5 жыл оқып, 2…

81 оңалту орталығы: Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көбейіп келеді

Қазақстанда балаларды оңалту орталықтарының саны 81-ге жетті. Мемлекет бұл бағытта жаңа мекемелер ашуды жоспарлап отыр.