Неге журналистер әлеуметтік желілерде сөздердегі әріпті өзгеше жазады?

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жарияланған кейбір жаңалық тақырыптары мен мәтіндерінде ерекше белгілер — *#, , ағылшын әріптерімен алмастырылған сөздер жиі кездеседі. Бір қарағанда, бұл сауатсыздық сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде бұл — саналы түрде жасалған амал.

TikTok, Instagram және басқа да әлеуметтік желілердің өз контенттік саясаты бар. Кейбір сөздер платформа алгоритмдері тарапынан “зиянды” немесе “тәртіпке сай емес” деп танылып, автоматты түрде бұғатталып немесе парақшаның рекомендацияға шығуын тежейді. Мұндай жағдай журналистердің ақпарат тарату мүмкіндігін шектейді.

Сондықтан редакциялар мен контент жасаушылар кей сөздерді аздап өзгертіп жазуға мәжбүр. Бұл тәсіл мақаланы немесе бейнематериалды цензурадан өткізу үшін қолданылады. Мысалы:

  • «ӨЛДІ» сөзі → «ӨVДІ»
  • «ЗОРЛАДЫ» сөзі → «ЗОРVAДЬI»
  • М әрпінің орнына — W,
  • Л әрпінің орнына — V,
  • Ы әрпінің орнына — Ь немесе I жазылады.

Бұл ешқандай сауат қателігі емес. Керісінше, бұл — ақпаратты оқырманға жеткізудің амал-айласы. Әлеуметтік желілердің сүзгі жүйелері кейбір сөздерді қауіпсіздік немесе этика тұрғысынан шектеуі мүмкін. Бірақ журналистің басты міндеті — қоғам үшін маңызды ақпаратты бұғаттаусыз, ашық жеткізу.

Сондықтан мұндай әріптік «қулықтар» — шындықты айналып өту емес, шектеулер арасынан жол табу. Бұл — жаңа медиа дәуіріндегі шығармашылық еркіндік пен алгоритмдік цензура арасындағы үнсіз күрестің бір көрінісі.

Бердалы Ораз ( Жайық тілшісі)

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе ресми делегация мүшелерінің қатысуымен келіссөз өткізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық…