Categories Жайық news

Несиесі көп қазақстандықтар назарына: Қарызды 5 жылға дейін шегеруге болады

Қазақстанда бірнеше несиесі бар борышкерлерге қарызын қайта құрылымдауға мүмкіндік беретін жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткелі отырған бұйрық жобасы азаматтардың несие шарттарын жеңілдетуді көздейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа тәртіп бойынша, банктер мен микроқаржы ұйымдарына несие шартын өзгерту туралы өтініштерді қараудың бірыңғай ережесі енгізіледі. Ең бастысы, өтініш қаралып жатқан кезде азаматтан қарызды мәжбүрлеп өндіріп алуға тыйым салынады және оған қосымша айыппұлдар мен комиссиялар есептелмейді.

Бұйрық жобасында халықтың әлеуметтік осал топтары мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге ерекше жеңілдік қарастырылған. Олар негізгі қарыз бен сыйақыны кемінде үш айға дейін ешқандай комиссиясыз кейінге шегере алады.

Ал бірнеше несиесі бар борышкерлер қаржылық омбудсман арқылы қарызын 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге қайта құрылымдай алады. Сонымен қатар бірнеше несиені бір ортақ төлемге біріктіру мүмкіндігі де беріледі.

Әскери қызметшілерге де арнайы шарттар ұсынылды. Олардың қызмет өткеру кезеңінде және одан кейінгі 60 күн ішінде несиесіне пайыз есептелмейді, төлемдер толығымен тоқтатылады. Сондай-ақ банк шоттарындағы шектеулер бес жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

Агенттік бұл бұйрық жобасын 13 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды

Астанадағы Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды. 2025 жылы 52 аула абаттандырылып,…

Обсуждены вопросы инвестирования в сферу науки 

В ЗКАТУ имени Жангир хана состоялся научно-технологический семинар «Технологии. Инвестиции. Партнерство: новые точки роста экономики»…