Батыс Қазақстан облысының әкімі «Келешек мектептер» жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарын тексерді

2025 жылғы 12 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған «Келешек мектептер» жобасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады.

Алғашқы нысан – Орал қаласындағы №8 орта мектеп. Мұнда жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкім құрылыс жұмыстарының кестеге сай және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, жаңа мектептер заманауи стандарттарға сай болуы тиіс екенін және оқушылар мен ұстаздарға барынша жайлы жағдай жасалуы керектігін айтты.

Одан кейін Нариман Төреғалиев Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс және Достық ауылдарында болды. Мұнда 600 және 1200 орындық заманауи мектептер бой көтеруде. Бұл нысандар оқушы санының артуын ескеріп және қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайту мақсатында салынуда.

Сапар қорытындысында облыс әкімі мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды және жауапты мекемелерге бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.

— «Біз заманауи мектептер салу бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл – өңірдің болашағына, балаларымыздың сапалы білім алуына салынған инвестиция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір мектеп тек ғимарат қана емес, білімнің, шығармашылықтың және тәрбиенің орталығы болуы тиіс екенін ерекше атап өтеді. Сондықтан біз жұмыстардың сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімдер үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек», – деді өңір басшысы.

Ұқсас жазбалар

Конституцияға өзгеріс: Елде арнайы мәртебелі қалалар пайда болуы мүмкін

Конституциялық комиссия елімізде Алатау сияқты қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар қалалар құруды ұсынды. Бұл…

Данияр Әшімбаев: «Жақсы атақ» пен сыннан қорғау лауазыммен бірге берілмейді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың абыройын қорғау туралы норма шенеуніктер мен ірі бизнеске арналғанын мәлімдеді.

Билік сабақтастығы: Президент орны босаса, вице-президент таққа отырмайды

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев конституциялық реформаның жаңа ережелерін талдады. Оның айтуынша, енді вице-президент тағайындалады.