Categories Шартарап

Нью-Йорк көшелеріне футбол жұлдыздарының есімі берілді

Сурет: X/FIFA

Әлем чемпионаты қарсаңында Нью-Йорктегі бірнеше көшеге уақытша танымал футболшылардың есімі берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ, Мексика мен Канада бірлесіп өткізіп жатқан әлемдік дода кеше басталды. Финал келесі айда Нью-Джерси штатындағы MetLife Stadium аренасында өтеді. Чемпионат кезінде стадион уақытша New York New Jersey Stadium деп аталды.

Манхэттеннің орталығындағы 50-көше мен 6-авеню қиылысы «Тьерри Анри Уэй» болып өзгертілді. Іс-шараға Франция құрамасының 1998 жылғы әлем чемпионы, «Арсенал» мен «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри бейнебайланыс арқылы қатысты.

Анри Нью-Йорктің «Ред Буллз» клубында ойнаған. Франциялық футболшы MLS лигасында бес маусым өткізіп, 2014 жылға дейін команда сапында болды.

Куинс ауданындағы Shea Road және Meridian Road көшелерінің қиылысына уақытша бразилиялық футбол аңызы Пеленің есімі берілді.

Қала әкімдігінің шешімі бойынша, көшелердің жаңа атаулары 1 қарашаға дейін сақталады.

Ұқсас жазбалар

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…

Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды…