Categories Жайық news

Павлодардағы трагедия: Жер астында қалған бес жұмысшының екеуі көз жұмды

Павлодарда су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде бес адамды топырақ басып қалып, екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамды аман алып үлгерген. Кейін оқиға орнына жеткен мамандар топырақ астынан тағы екі жұмысшыны және қаза тапқан екі адамның денесін шығарды.

Құтқарылған екі жұмысшының жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция департаменті қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеуді бастады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.