Categories Әлем

Бангкоктан есірткі әкелген әйел сотталды: 10 жылға кесілді

Сурет: Polisia.kz

Алматы әуежайында Бангкоктан есірткі тасымалдаған әйел ұсталып, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері 2025 жылғы желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайында Бангкок – Алматы рейсінен түскен жолаушыны тексерген. Күдікті әйелдің чемоданынан 1,5 келіге жуық синтетикалық есірткі табылған.

«Ол есірткіні Таиландтан сатып алып, Қазақстанға жеткізбек болған. Қазіргі уақытта оның ісі сотта қаралып, үкім шықты», – деді ведомство өкілі.

Сот отырысында әйел кінәсін толық мойындап, өкінгенін білдірген. Алайда судья оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Полиция есірткі тасымалына қарсы күрес жалғасып жатқанын және әуежайларда бақылау күшейтілгенін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Цзянсу провинциясының өңірлік хабы Астанада жұмысын бастады

Астанада Қытайдың Цзянсу провинциясының Орталық Азиядағы орталығының ресми ашылу рәсімі өтті.

Гуанчжоуда Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Қытайдың Гуандун өлкесінің әкімшілік орталығында Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы ашылды.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 30 жылға сотталды. Сеул соты оны дрондарды Пхеньян…