Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесті

Сурет: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Ерлан Қарин Қазақстандағы реформалардың негізгі бағыттарын, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары аясында жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру жұмыстарын баяндады.

Тараптар мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, екіжақты байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…