Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағында қаза тапқан жолаушылардың туыстарына өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өтемақы мөлшері әуе компаниясы мен мемлекет тарапынан бөлінген қаражат есебінен қалыптасты.

«Әрбір қаза тапқан жолаушының отбасына 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді. Бұл – алғашқы көмек. Кейіннен қосымша төлемдер де қарастырылған», – деді Қанат Бозымбаев.

Ұшақ апаты 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған. AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақау салдарынан апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…

17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және…