ШҚО-дағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 5 маусым күні таңертең болған. Шамамен сағат 08:00-де жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеңіл көліктегі екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Жол полициясы қызметкерлері тергеу жүргізуде», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысқан жүк көлігінің жүргізушісіне медициналық куәландыру жүргізілді. Ол аман, қазір тергеу амалдарына қатысуда.

Ұқсас жазбалар

Астанада екі көшеде көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу қойылды

Астанада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне 15 пәтер кілті табысталды. Шараға Президент кеңесшісі Айбек Смадияров қатысты.

Екі облыста жер сілкінісі сезілді

Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34-те сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы…