Categories Саясат

Кения президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді: ресми қарсы алу рәсімі өтті

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Кения Президенті Уильям Рутомен ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында екі елдің әнұрандары шырқалып, құрмет қарауылы сап түзеді. Кения президентін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бұдан кейін екі ел басшыларының келіссөздері өтеді. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық жобалар талқыланады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы Саяси кеңестің отырысын өткізді

«Әділет» партиясы Саяси кеңестің отырысын өткізіп, ұйымдық даму, өңірлік құрылымды нығайту және алдағы бағыттарды талқылады.

«Әділет» партиясы Әділетті Қазақстан бағытын қолдайтынын мәлімдеді

«Әділет» партиясының Саяси кеңесінің отырысында ұйымдық даму және аймақтық құрылымды нығайту мәселелері қаралып, Әділетті Қазақстан…

Армениядағы сайлау: Пашинян партиясы жеңіске жетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз партиясының парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді.