Тоқаев: Елімізде 650-ден астам «ақылды» ферма бар

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі агроөнеркәсіпті цифрландыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Қазақстанда қазірдің өзінде 650-ден астам «ақылды» ферма жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы цифрлық технологиялар ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттырып, шығынды азайтатынын атап өтті. «Ақылды» фермалар суару, тыңайтқыш беру және мал басын қадағалау сияқты процестерді автоматтандырады.

Біз агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға ерекше мән береміз. Бұл – бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты жолы, – деді Тоқаев.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында аграрлық сектордағы цифрлық шешімдерді үйлестіру қажеттігі де сөз болды. Президент отандық фермерлерге заманауи технологияларды енгізуге мемлекеттік қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…

17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және…