Рудный қаласының орталық көшесінде жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде дәрігерлер бригадасы екінші санаттағы шақыртуға бара жатқан, ал көлікте арнайы дабыл шамдары қосулы болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Оның халі туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жедел жәрдем жүргізушісінің кінәлі не кінәсіз екені тергеу барысында белгілі болады.

