Categories Ақорда

Президент қытайлық инвесторды қабылдады: 360 млн доллар және 4 мың жұмыс орны

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясының басшысы Чжан Цихайды қабылдады. Кездесуде мақта-мата кластерінің бірінші кезеңіне 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл өңір экономикасына серпін беріп, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстанға инвестиция салуға дайынбыз. Бұл жоба екіжақты ынтымақтастықты нығайтады», — деді Чжан Цихай.

Қазіргі уақытта кластердің алғашқы кезеңі іске қосылып, өндіріс қуатын арттыру жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Инвесторлар құқығын қорғау: Бектенов кедергілерді жою жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы кедергілерді жою мәселелеріне арналған…

Премьер-министр әкімдерге жылу маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов әкімдерге жылу нысандарын уақтылы жөндеп, маусымға дайындауды тапсырды.

Емхана халықаралық стандартқа сай: JCI сертификатын алды

Президент Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы JCI халықаралық аккредитациясынан өтіп, емдеу сапасының жоғары екенін дәлелдеді.