Мексика астанасы Мехико жыл сайын 24-25 сантиметрге шөгіп, әлемдегі ең жылдам бататын мегаполистердің бірі атанды. Бұл қаланың геологиялық құрылымы мен су ресурстарын шамадан тыс пайдаланудан туындаған.
Ғалымдардың зерттеуінше, жер асты суларын сору салдарынан топырақ қабаттары тығыздалып, қала бірте-бірте төмен түсуде. Бұл процесс ғимараттар мен инфрақұрылымға қауіп төндіреді.
«Мехико тұрғындары үшін бұл нағыз апат. Жолдар жарылып, ғимараттар қисайып, кәріз жүйелері істен шығуда», — дейді жергілікті экологтар.
Қала әкімдігі жағдайды түзету үшін су тұтынуды азайту және жаңа су көздерін іздестіру шараларын қолға алған. Алайда мамандардың пікірінше, бұл мәселені толық шешу үшін ондаған жыл қажет.

