Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей араласуымен шетелде ұсталған Қазақстан азаматы босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Айбек Смадияровтың айтуынша, азаматтың босатылуына Президенттің жеке бастамасы мен дипломатиялық шаралар себеп болған.
«Мемлекет басшысының тікелей араласуының арқасында шетелдегі азаматымыз еліне қайтарылды. Бұл – Қазақстанның өз азаматтарын қорғаудағы белсенді ұстанымының айқын дәлелі», – деді Смадияров.
Қазіргі уақытта босатылған азаматтың аты-жөні мен ұсталған елі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Алайда, бұл оқиға шетелде жүрген қазақстандықтардың құқығын қорғаудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін көрсетеді.

