Қытайдағы электр көліктері нарығында баға соғысы күшейіп, енді жасанды интеллект пен салон технологияларындағы бәсекеге ұласты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өндірушілер көлік бағасын төмендетумен қатар, озық AI жүйелерін енгізуге көшкен. Бұл жаңа кезеңде тұтынушылар үшін арзан баға ғана емес, ақылды функциялар да маңызды рөл атқарады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс жаһандық авторынокқа әсер етіп, технологиялық жарысты одан әрі шиеленістіреді.
Қытайлық брендтер өз модельдерінде AI негізіндегі жүргізуші көмекшілері мен мультимедиалық жүйелерді жетілдіруге басымдық беріп отыр.

