Categories Қаржы

Жеке банкроттық рәсімі: тегін бе, ақылы ма?

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі толық тегін емес екені белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл процесте белгілі бір шығындар болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Банкроттық рәсімін бастау үшін азаматтарға алдымен электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. Бұл қызмет ақылы – бағасы 500 теңгеден 2000 теңгеге дейін өзгереді.

Сонымен қатар, уәкілетті органға өтініш беру үшін «eGov Mobile» немесе «Банкроттық» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру кезінде интернет трафигіне ақы төлеуге тура келеді.

«Егер азаматтың кредиторлар алдындағы берешегі 1600 АЕК-тен (шамамен 5,9 млн теңге) аспаса, банкроттық рәсімін қолдану үшін соттан тыс тәртіп қарастырылған. Бұл жағдайда мемлекеттік баж салығы алынбайды», – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Ал сот арқылы банкроттық рәсімінен өткісі келетіндер 0,5 АЕК (шамамен 1846 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Бұл шығындардың барлығы рәсімнің міндетті емес, ықтимал шығындары екенін атап өткен жөн.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды банкроттық туралы толық ақпаратты тек ресми көздерден алуға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Мемлекеттік сатып алу толық цифрланды: 46 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді

2026 жылғы 28 сәуірге қарай Бірыңғай сатып алу платформасына 46 793 пайдаланушы тіркелді. Мемлекеттік сатып…

Профессор Спектордың есімі ҚАТЗУ-дағы аудиторияға берілді

30 сәуірде Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Михаил Спектордың есімімен аталатын аудитория…

Доллар бағамы 1 мамырда: Оралдағы айырбас пункттері не көрсетіп тұр?

1 мамырда Қазақстан қалаларында доллар, еуро және рубль бағамдары жарияланды. Оралдағы айырбас пункттерінде де жаңа…