Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде бір отбасының үш мүшесі – әжесі, қызы және немересі газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиғаның беті кездейсоқ ашылған. Көршілерінің айтуынша, марқұмдардың пәтерінен төменгі қабатқа су тама бастаған. Уақыт өте келе судың ағыны күшейген соң, тұрғындар алаңдап, пәтер иелеріне қоңырау шалған.
Алайда телефон тұтқасын ешкім көтермеген. Осыдан кейін олар есікті бұзып кіруге мәжбүр болған.
Куәгерлер пәтер ішіндегі жуынатын бөлмеден жас жігіттің жансыз денесін тапқан. Марқұмның ваннадағы суды ағызып, ашық күйінде қалдырғаны айтылады.

