Енді жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер жыл сайын міндетті түрде есірткіге тексеріледі. Бұл – елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің жаңа қадамы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет бұл шараны қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында енгізіп отыр. Тексеруден бас тартқан немесе оң нәтиже көрсеткен қызметшілер лауазымынан айырылуы мүмкін.
«Біз мемлекеттік аппараттың тазалығына кепілдік беруіміз керек. Есірткіге тәуелді адамдардың билікте отыруына жол жоқ», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.
Наркоскрининг тек жоғары лауазым иелеріне ғана емес, болашақта барлық мемлекеттік қызметшілерге таратылуы мүмкін. Қазіргі таңда тиісті заң жобасы дайындалып жатыр.

