Орлов шахтасындағы қайғылы оқиға: жұмысшы аман қалмады

27 сәуірде KAZ Minerals тобына қарасты Шығыстүстімет ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды. Салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға сағат 20:30 шамасында тіркелген. Жұмысшы кен орнындағы жұмыс барысында жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мен еңбек инспекциясы да тексеріс жүргізуде.

KAZ Minerals компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына сот үкімі шықты: онлайн-алаяқтық

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі шықты. Олар онлайн-курстар мен…

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды: не өзгереді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды заңға қол қойды. Бұл құжаттар елдегі түрлі салаларға өзгеріс әкеледі.

Тоқаев пен Израиль президенті келіссөзді кеңейтілген құрамда жалғастырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, екіжақты байланыстардың ұзақ тарихын атап өтті.